ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде салықтық құқықбұзушылықтардың профилактикасы тақырыбында брифинг өтті. Спикер - Экономикалық тергеу қызметінің Басқарма басшысының орынбасары Абзал Байманов өз баяндамасында мынадай стратегиялық бағыттар бойынша жұмыс туралы айтып кетті:
- барынша көп қылмыстық істердің өндірісін аяқтау;
- кәсіпкерлікті қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету.
- мемлекетке келтірілген залалды нақты өтеу;
Ағымдағы жылда Экономикалық тергеу қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің стратегиялық дамуының аса маңызды бағыттары бойынша жұмыс жалғастырылуда. Экономикалық қылмыстырды ескерту және жолын кесу бойынша елеулі көрсеткішткерге қол жетті.
Салық төлеуден жалтару деректері бойынша 557 қылмыстық іс тіркелді, өтелген залалдың сомасы 37,6 миллиард теңге құрды, (немесе анықталған залалдың 70,2%).
«Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу қызметі 1,1 млрд. теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың анықталғандығын және қызметінің жолы кесілді» - деп атап өтті Абзал Байманов.
Жалпы, 2015-2016 жылдарда Экономикалық тергеу қызметі осыған ұқсас 12 топ анықталып, олардың қылмыстық қызметі туралы барлық қылмыстық істер сотқа жолданып, кінәлілерді нақты бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.
Спикердің айтуынша, Экономикалық тергеу қызметі кәсіпкерлердің қызметіне араласпау қағидасын тиімді жүзеге асыруда: барлық тексерулер Тәуекелдерді басқару жүйесін ескеру арқылы ерекше жағдайларда жүргізіліп, сол арқылы бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастырылуда.
Сонымен қатар, құқыққорғау блогының қызметкерлеріне қатысты халықтың сенімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс өткізілуде. Атап айтқанда, Бас прокуратура және басқа да құқыққорғау және арнайы органдармен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты халықтың сенімділігін арттыру бойынша Ведомстворалық жоспар бекітілді.
Құқық тәртібін қамтамасыз ету саласында азаматтық институттардың құқыққорғау органдарымен арақатынасы механизмдері жетілдіруде.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарту үшін тәжірибеге қоғамның қатысуымен есепті жария талқылану енгізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ж.т. 70-99-22, моб.8-701-358-31-97.