
2023 жылғы 19-24 маусым аралығында Алматы, Жетісу облыстары бойынша МКД-не қарасты "Қалжат", "Нұр – жолы" кеден бекеттерінде ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен "Тексеру әдістері және профильдеуді сәйкестендіру. Гендерлік проблеманы ескере отырып, сауда рәсімдерін жеңілдету" атты семинар өткізілді. Іс-шара көлік құралдары мен жүктерді тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттерінде бақылау іс-шараларын ұйымдастыруға жауапты қызметкерлерге бағытталған.
Мақсаты: мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының контрабандалық тауарлар мен заттарды анықтау және сәйкестендіру саласында дағдыларын жетілдіру және нығайту.
Қатысушылар заманауи құралдарды пайдалана отырып, автомобиль БӨП арқылы өткізілетін контрабандалық тауарлар мен заттарды тасымалдау, анықтау және сәйкестендіру әдістері, сондай-ақ көлік құралдарын тексеру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері туралы білді. Көлік құралдары мен тауарларды тиімді тексеруді жүзеге асыру мақсатында техникалық шешімдермен, заманауи жасыру құралдарын анықтау әдістерімен танысты.
Сондай-ақ қатысушылар заманауи техникалық жабдықтармен және анықтау технологияларымен танысты.
Оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары МКК және ОӘО қызметкерлері:
- МКК БД тазарту және кедендік рәсімдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары - Н.Н. Уатканов;
- ОӘО басшысының орынбасары – Л.Т. Касымкулова;
- ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы - Абдреимова М.Р. болды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 22 қатысушы оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.