Date of publication: 08.09.2016 15:10
Date of changing: 08.09.2016 15:16

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз-релизі

2016 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «KazAeroSpace» ЖШС-мен  аэроғарыштық технологияларын пайдаланып жерді қашықтықтан барлауды жүзуге асыратын  меморандумды жасасты.

Ынтымақтастықтың мақсаты салық салуға байланысты объектілерге және кедендік бақылау объектілерге аэроғарыштық мониторингтің геоақпараттық жүйелерін құру, сондай-ақ экономикалық қылмыстардың жолын кесу болып табылады.

Компанияның тәжірибесі және атқарымдары Комитет бөлімшілерінің қызметінде елеулі мүдделікті және қолдану мүмкіншілігін білдіреді.

Атап айтқанда пилоттық жоба ретінде объектілердің тізімі жасалды, олар бойынша аэроғарыштық түсірілімдер мониторингі жүргізілетін болады. Заңнаманы бұзу белгілірі табылған жағдайда сәйкес  шаралар қолданылады.

Тараптардың ынтымақтастығы ұзақ мерзімді болашаққа есептелген, кеңейтілу және өзара іс-қимыл салалары мен нысандарын жетілдіруге ашық болып келеді. 

Ғарыш технологиялары Комитетке де қызмет ететін болды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі