ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
2016 жылғы 10 қыркүйгінде Мемлекеттік кірістер комитетінің спорт кешенінде Алматы облысының әкімшілік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті құрама командаларының арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шара "Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан" аясында өтті.
Ойынға Алматы облысының әкімі Батталов, Президент Әкімшілігі басшысының экс-орынбасары Бектұров, ҚР ҚМ МКК Төрағасының орынбасары Амрин Г. К қатысты. Іс-шараның мақсаты - дене белсенділігін арттыруды насихаттау, салауатты өмір салтын сақтау бағытында жастарды қолдау.
Екі команда да әдемі және қызықты ойын көрсетті. Барлық матчтар тартысты және жеңіс үшін ащы күресте өтті. Жанкүйерлер кездесу барысын үлкен ынтамен тамашалады. Нәтижесінде, жеңімпаздар Алматы облысының делегациясы өкілдері болды. Осы команда капитаны - Алматы облысынын әкімі А. Г. Баталов жеңімпаз кубогімен марапатталды. Сондай-ақ, достық матчта барлық қатысушылар естелік дипломдар мен құрмет медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ Ғосман Каримұлы, Амандық Ғаббасұлын медальмен марапаттады. Барлық қатысушылар ойынға риза болды. Мұндай жолдастық кездесулер дәстүрге айналады деп үміттенеміз.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі