Date of publication: 15.09.2016 18:13
Date of changing: 15.09.2016 18:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 15 қыркүйекке Қазақстан Республикасында 2,4 трлн. теңге жария етілді.

2016 жылғы 15 қыркүйекке жағдай бойынша барлығы 2,4 трлн. теңге жария етілді, бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тәуекелдер, талдау және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев брифингте хабарлады.

Айтылған сома ҚР аумағында орналасқан мүлік бойынша 100 355 объект және 806,7 млрд. теңгеге жария етілген бағалы қағаздарды, сондай-ақ шетелдегі 129 объекті мен бағалы қағаздар түріндегі мүлікті 5,4 млрд. теңгеге қамтиды. Бұдан басқа 1 555 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді.

ҚР ҚМ МКК сарапшылары Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 41-қадамын іске асыру шеңберінде  өткен жылғы қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, осыған байланысты өткен жылғы желтоқсан айынан бастап мүлікті жария етудің шарттары оңайлатылып, жария ету субъектілеріне қосымша кепілдіктер ұсынылғанын атап өтті.

Жария ету – әлемдік практикада жаңалық емес. Барлық елдерде капиталды көлеңкеден шығару мәселесі аса өзекті мәселе болуына байланысты, Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген штаттары аталған акцияны бірнеше рет өткізуде.

Қорытындылай келе, спикерлер акцияның бүкіл кезеңі ішінде өз мүлкін жария ету үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға 108 мыңнан астам азамат жүгінгенін айтты. Мүлікті жария ету акциясы 2014 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізілетінін еске саламыз.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз-қызметі