
«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»
Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың наурыз айына конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне барабар жауап бере білу.
Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша МКД Мақтаарал ауданы бойынша МКБ бас маманы – Ілияс МЕКЕНБАЙҰЛЫ Атабаев «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» болып танылды.
Ілияс МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Мемлекеттік кірістер органдарында 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол өзін сауатты, жауапты, еңбекқор маман ретінде көрсетті, тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындады. Ілияс МЕКЕНБАЙҰЛЫ салық төлеушілерге мемлекеттік және орыс тілдерінде еркін кеңес береді.