Date of publication: 08.04.2022 15:04
Date of changing: 08.04.2022 15:06

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі №193 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысымен бекітілген шартты шығаруға жол берілмейтін тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.

Сыртқы экономикалық қатысушыларын енгізілген өзгерістермен танысуды және қажет болған жағдайда 2022 жылғы 18 сәуірден бастап кедендік декларация тіркелген күні әкелінген өнімге қатысты қауіпсіздікті растау қажет тауарларды кедендік декларациялауды алдын ала жүргізуді сұраймыз.

Тауарлар тізімімен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/166111/rus