
«Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңдар жобасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдар жобасына тұжырымдама жобасы орналастырылғанын хабарлаймыз.
Өз кезегінде, Үкіметтің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес (Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген) тұжырымдама жобаның талқылау мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды және ағымдағы жылдың 3 маусымына дейін жалғасады.
Өз пікірлеріңізді «Ашық НҚА» порталында қалдыруыңызға болады.