
2022 жылғы 20 мамырда Қазақстан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б. Слямовтың Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Елшілігі жанындағы Кеден қызметінің өкілдері Юй Сяньтао мырзамен және Сюй Вэйпин ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимлдың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады.
Б. Слямов қазақстан тарапы ҚХР-мен кедендік ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін және екіжақты ынтымақтастықтың:
- өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндігін ұлғайту;
- ҚР ҚМ МКК мен ҚХР БКБ ПИ және СТОР жобаларын ілгерлету;
- ҚР мен ҚХР арасындағы кедендік статистиканы салыстыру сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударғанын айтты.
Сонымен бірге, Юй Сяньтао тығыз кедендік ынтымақтастықта және өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы кедендік ынтымақтастық достық негізде құрыла беретініне, ал қабылданған шешімдер жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.