
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынылған конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу қорытындылары және өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша баспасөз хабарламасы
2022 жылғы 19 мамырда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, қабинет 203А халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін ұсынылған конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу жүргізілді.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасымен және оларды қарау нәтижелерімен танысуға болады.