Date of publication: 24.05.2022 17:13
Date of changing: 24.05.2022 17:14

2022 жылы 23 мамыр күні №VSV-485Шымкент-Стамбул халықаралық әуерейсі кезінде, кедендік бақылау аймағында Өзбекстан Республикасының азаматында қолма-қол ақша түрінде 21490 АҚШ доллары (9 133 680 теңге) анықталып, аталған азамат тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Өзбекстан Республикасы азаматының бұл әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылады.

Осы дерек бойынша, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды.