Date of publication: 29.09.2016 17:39
Date of changing: 29.09.2016 17:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Елші – ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабомен кездесті.

 

2016 жылғы 26 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы  Елші – ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Дьердьем Сабомен кездесті.

Кезедесу барысында Дәулет Ерғожин ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисімен қарым-қатынас дамуының жағымды тенденциясын атап өтіп, Сабо мырзаға Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін оқыту және олардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша жасап жатқан қолдауы үшін алғыс айтты.

Тараптар 2016 жылдың аяғына дейін жсопарланған аймақтық транзитті жақсарту арқылы процедураларды оңтайландыру, тәуекелдерді басқару жүйесін тиімді пайдалану, интернет-сауданы әкімшілендіру және аудит, уақытша кіргізу туралы Конвенцияны орындау бойынша бірлескен семинарларды ұйымдастыру және өткізу туралы сұрақтарды талқылады. 

Дьердь Сабо ЕҚЫҰ тарапынан ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен Орталық Азия елдерінің кедендік қызметтеріне қолдау көрсететіндігіне сендірді және 2017 жылға қарым-қатынастың басым бағыттарын уақытыл анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

ЕҚЫО Австрия Республикасының төрағалық етіп отырғандығын ескеріп, тараптар келесі жылы тәуекелдерді басқару, сауданы оңтайландыру және шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыптарына семинар өткізуге келісті.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)