Date of publication: 02.06.2022 10:08
Date of changing: 02.06.2022 10:20

2022 жылғы 16-27 мамыр аралығында Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген алғашқы қабылданған қызметкерлер үшін қашықтықтан кәсіптік даярлау курсын өткізді.
Іс – шараның мақсаты - салық және кедендік әкімшілендіру саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру.   
Курсқа тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ МКК ОА және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша 27 тақырыпты зерделеді.

Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы қатысты.
Ағымдағы жылдың 27 мамырында курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.
Қорытындысында 129 қатысушыға курсты табысты аяқтағаны туралы куәліктер жолданады.