
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Дәулет Ерғожин Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілері одағының өкілдерімен кездесті.
Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) төрағасы Дәулет Ерғожин Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілері одағының (ЖӨӨӨО) өкілдерімен кездесті.
Бұл кездесу туралы а.ж. қыркүйекте болған Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі талқыланған «Sarap Time» сараптық кеңестің отырысында келісілген болатын.
Кездесудің нысаны ретінде ашық және еркін әңгіме таңдалды.
ЖӨӨӨО президенті Сәуле Шәуенова жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірушілер бүгінгі таңда кездесіп жүрген бірнеше проблемаларды көтерді. Оның сөзінше кәсіпкерлердің ірі сауда орталықтарын сауда орындарын жалға немесе сатып алу проблемасы бар, кәсіпқой бухгалтерлердің жетіспеушілігі амортизациялық төлемдерді есептеу және төлеу қиындығын туғызуды, сондай-ақ партнерлердің іскерлік репутациясын анықтау проблемалары да орын алуда.
С.Шәуенова «көлеңкелі экономика» кәсіпорындарының тарапынан болып отырған адал емес бәсекелестікке ерекше тоқталды.
Осы аталған әлсіз тұстардың жою үшін ЖӨӨӨО өкілдері дайындаған бірқатар ұсыныстарын Д.Ерғожинға қарастыру үшін берді.
Өз кезегінде Д.Ерғожин ЖӨӨӨО өкілдері атап өткен мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. Оларды бір бөлігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлерінің өз тараптарынан белсенді әрекетті қажет етеді.
Оған қоса, ол бизнесті тиімді жүргізу және ЖӨӨӨО өкілдерінің заңды мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы кеңестер берді.
Кездесу қортындысында тараптар жеңіл өнеркәсіп өндірушілері үшін бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ЖӨӨӨО тарапынан МКК кіргізілетін өнімдерге қатысты талаптарды бірегейлендіру туралы бастамаларын қолдайтындығы туралы келісімге келді.
Д.Ерғожин МКК лауазымды тұлғаларына кездесуде қол жеткізілген келісімдерді орындау бойынша іс-шараларды орындауға тапсырма берді.
ЖӨӨӨО өкілдері ашық және мазмұнды әңгіме үшін Д.Ерғожинға алғыстарын білдірді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)