Date of publication: 06.10.2016 17:41
Date of changing: 06.10.2016 17:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз-релизі

Алматыда ТМД елдерінің бас салықшылары бас қосады.

 

2016 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында ТМД қатысушы-елдердің салық органдары басшыларының үйлестіруші кеңесінің (ТМД СОБҮК) XXIII отырысы өтеді.

Отырысқа салық органдары басшыларының бастауымен Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД СОБҮК Базалық ұйымы – «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржылық университет» өкілдері қатысады.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Грузия Қаржы министрлігі Кірістер қызметінің делегациясы шақырылды.

Жиынның жұмысына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің қатысуы күтілуде.

XXIII отырыстың ерекшелігі осы жылы Кеңестің құрылғанына 15 жыл толуында.

XXIII отырыстың күн тәртібіне ТМД қатысушы мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері енгізілді. Талқылаудың бас тақырыбы тауарларға электрондық шот-фактуралар және ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мен кедендік және салық жүйелерін біріктіру бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер салық органдарының тәжірибесі болады.   

Қазақстандық тарап «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу және айналымға салудың кейбір сұрақтары» атты хаттаманы іске асыру мақсатында енгізілген «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі туралы айтып береді.

Отырыста келесі жылғы жұмыстың басты бағыттары анықталатын болады.

Отырыс қортындысы бойынша ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Кеңестегі төрағалықты Қырғыз Республикасынан келген әріптестерге табыстайды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)