
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Қазақстандықдарға салықтарды төлеу рәсімі оңайлатылады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті фискальды органның қызметкерлері мен салық төлеушілердің байланысын төмендетті, ол уақытты және қаржылық шығындарды айтарлықтай үнемдейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференцияда айтты.
«Электрондық нышан және онлайн режимге ауыстырылған қызмет көрсетулердің саны артты. Бүгінгі күні азаматтар электрондық түрде 25 салықтық қызмет көрсетулерге және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 24 баламалы негізде қызмет көрсетуге қол жеткізді» - деп Е.Біржанов атап өтті.
Біржановтың айтуы бойынша қоғамда салық мәдениетінің негізгі көрсеткіштері салықтарды төлеу нысаны мен әдістері туралы салық төлеушілердің ақпараттандырылу деңгейі, олардың мемлекеттік салықтық қызметтерді алудағы қанағаттандырылу, сондай-ақ ерікті түрде салықтарды төлеудің өсу деңгейі болып табылады. Ұлт жоспары контекстіндегі клиентті хабардар етуге көшу және бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндетінің бірі» - деп атап өтті департамент басшысы.
Осы жылдың үш тоқсанында мемлекеттік кірістер органдары 87% астам қызметтерді электрондық түрде көрсетті. Ағымдағы жылдың 9 айында электрондық түрде табыс етілген салық есептіліктерінің үлесі 94,7% құрады. Бұрын банктер арқылы төленген салықтар мен төлемдер туралы ақпараттар мемлекеттік кірістер органдарына төлемді жүзеге асырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде түсетін. Алайда, қазір екінші деңгейлі банктермен онлайн өзара іс-қимыл жасау әрекет етуде, осыдан кейін төлемдер туралы ақпараттарды беру мерзімі бірнеше минутқа дейін қысқартылады.
Өткен жылдың ортасынан бастап көтерме және бөлшек сауданы, сондай-ақ бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің негізгі бөлігі, онлайн режимде мәліметтерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау кассалық машинасын пайдалануға кезең-кезеңімен көшірілуде.
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап фискалдық мәліметтер операторы (www.oofd.kz) порталына 75 мыңнан аса онлайн режимде бақылау кассалық машинасын пайдаланатын 52 мың шамасында салық төлеуші тіркелді. Осы уақыт ішінде 2,74 трлн. теңгеге 636,1 млн. астам чек берілген.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)