Date of publication: 12.10.2016 17:58
Date of changing: 12.10.2016 18:26

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

АҢДАТПА

 

Ағымдағы жылдың 13 қазанында сағат 15-00-де ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің «Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гульжан Қарагусова басқаруында Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өткізіледі.

«Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру мәселелері» тақырыбында өтетін көшпелі отырыс жұмысына ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожин  қатысады.

Сонымен қатар, іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының Сыртқы экономикаға қатысушысы болып табылатын ірі кәсіпорын басшылары   шақырылған.

Депутаттық корпустың Кедендік рәсімдеу орталығына бару мақсаты, кедендік рәсімдеу кезіндегі туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, кәсіпкерлердің ескертулері мен ұсыныстарын жинақтап, алдағы уақытта  олар бойынша салық және кеден заңнамаларына өзгертулер енгізу.

Сонымен қатар,  депутаттар кеденшілердің жұмыс барысымен, тәуекелді басқару және «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйелерімен танысады.

Одан бөлек, кинологтар қызметтік иттердің жарылғыш және есірткі заттар мен валютаны табу дағдысын көрсетеді.     

БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар: +7 (7252) 35-36-89, +7 (7252) 35-41-59, 8-701-411-82-94 және dgd.uko@mail.ru электрондық мекен-жайлары бойынша жүргізіледі.