
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы а.ж. 12-14-ші қазан аралығында «Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі.
Бүкіләлемдік кеден ұйымы аймақтық оқу орталығының жұмысын ұйымдастыру бойынша ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Астана қаласындағы бөлімі тарапынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы кеңсесі және Қазақстан Республикасындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша Германиялық ұйымымен (GIZ) бірігіп осы жылдың 12-14-ші қазан аралығында, Астана қаласында ҚР ҚМ МКК базасында «Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық семинар өткізіледі.
Семинар өткізудің мақсаты салық және кедендік органдары тарапынан тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдаланудың эффективті бағалануы бойынша дамыған елдердің озық тәжірибе алмасуын үйрену болып табылады. Бүкіләлемдік кеден ұйымының ұсынысына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ-нің құрылу принципі, ТБЖ жұмысын ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені үйрену, салық және кедендік тәуекелдерді интеграциялау және автоматтандыру жайында талқылау жүргізіледі деп күтілуде.
Семинардың ашылу салтанатында ҚР ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің басшысы, Елші Сабо Дьердь (György Szabó), ҚР-дағы GIZ өкілдігі басшысының орынбасары Райнер Гёрц (Rainer Goertz), Бүкіләлемдік кеден ұйымының эксперті Огуз Онал (Oguz Onal), ҚР ҚМ МКК тәуекел, талдау және статистикалар Басқармасының (ТТСБ) басшысы Мамлин Эльдар Мухтарұлы сөз сөйлейді.
Лекторлар ретінде Бельгия Кеден қызметі тәуекелдерді басқару қызметінің басшысы – Джин-Куо Ванг (Gien-Kuo Wang), кедендік басқару бойынша бас маман (Бүкіләлемдік Банк) – Клэйтон Кёрсвелл (Clayton Kerswell), ЮНКТАД эксперті – Константин Сьюта (Constantin Cuita), Литва Мемлекеті Министрлігі жанындағы Кеден департаменті тәуекелдерді басқару бөлімінің басшысы – Илона Роженене (Ilona Rozeniene), «Simourg» компаниясының директоры – Андрей Кузнецов (Andrejs Kuznecovs) және ҚР ҚМ МКК ТТСБ қызметкерлері шақырылды. Семинарға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан кеден қызметтерінің өкілдері, сонымен қатар Ресей Федерациясының ҚР-дағы кеден қызметінің өкілдері қатысады. Негізгі тыңдаушылар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылады.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан кедендік және салықтық ТБЖ-ның өзара қатынасы бойынша халықаралық тәжірибелері, сыртқы экономикалық әрекет қатысушыларын категориялау және балдық жүйені қолдану, тәуекелдер реестрін жүргізу, сырттан келетін тауарлардың кедендік құнын бақылау мақсатында тәуекелдер жүйесін қолдану, сонымен қатар бақылау акцентін рәсімдеу кезеңінен тауарларды шығарудан кейінгі кезеңге ауыстыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, бұрын импортталған және сатылымдағы тауарлардың бағасын төмендетумен күресудегі кедендік әкімшіліктің оң тәжірибелері игеріледі.
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)