Date of publication: 18.08.2022 11:14
Date of changing: 18.08.2022 11:15

2022 жылғы 15 – 17 тамыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Кендер мен концентраттардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу ережелері» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу әдістерімен таныстыру, кедендік сараптама өткізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыру  және барлық ілеспе құжаттарды дұрыс толтыру саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзыретін арттыру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 16 тамызында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасы Өскемен қаласындағы кедендік сараптамалар және зерттеулер бөлімінің бас маманы – Асем Кумархановна Курумбаева қатысты.

Қатысушылар сынамалаудың негізгі мақсаттарымен, сынамаларды іріктеумен, сынамаларды іріктеуіштермен, сынамаларды өңдеуге арналған құралдармен, сынамаларды іріктеу әдістерімен, механикаландырылған іріктеумен, қолмен іріктеумен, қолмен іріктеу түрлерімен  танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 65 қатысушы біліктілігін арттырды.