
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституция күнін атап өтуіне қатысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.