Date of publication: 15.04.2015 13:07
Date of changing: 15.04.2015 13:09
семинар умц

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

15.04.2015ж.

2015 жылы 15 - 17 сәуір аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы мен Комитеттің Кедендік бақылау департаменті бірлесе отырып ауқымды оқыту семинарын өткізуде

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының негізгі функцияларының бірі елдер арасында тауар айналымын кеңейту, сондай-ақ кеден заңнамасын интеграция және Кеден одағының шекарасын кеңейту шеңберінде халықаралық  стандартармен және қағидалармен үйлестіру болып табылатынын ескеріп, өткізілетін шаралар қажетті және көкейкесті.

«Жаңғыртуды және интеграцияны ескере отырып, ЖБО-ның ақпараттық  жүйесінде транзиттік декларациялардың электрондық көшірмелерін толтыру жұмысының тәртібі» тақырыбында семинар Астана қаласында өтеді.

Іс-шара ерекше  қолданбалы сипатта болады, яғни  дәріскер ретінде тек қана Комитеттің орталық аппаратының сарапшылары ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесін әзірлеуші - компания өкілдері де қатысады.

Сарапшылар мынадай сұрақтарды талдайды:

  • Бақылау және тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі.
  • ЖБО АЖ-де төлеуді  қамтамасыз ету сертификаттарын ресімдеу.
  • Транзиттік декларацияны берумен, тіркеумен және кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтаумен байланысты операцияларды кеден органдары жасаған кезде ЖОБ ақпараттық жүйесін қолдану.
  • Транзиттік декларацияны толтыру  тәртібінің және ҚР кедендік транзит ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің ерекшелігі.
  • Теміржол көлігінде алдын-ала ақпараттандыруды ұйымдастыру.

        Көрсетілген тақырыптың өзектілігі, қазіргі кезде өткізу пункттерінде өткізу мүмкіндігін ұлғайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту, адами факторды азайту мақсатында, мемлекеттік кірістер органдары кедендік операцияларды автоматтандыру, кедендік бақылаудың жаңа техникалық құралдарын қолдану бойынша  кеңейтілген іс-шаралар өткізуде.  

2011 жылғы 1 қаңтардан бастап кедендік транзиттің бірыңғай рәсімін қолдану шеңберінде, кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес, тауарлар мен  көлік құралдарын тасымалдауды бақылау кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасында кедендік транзиттің электрондық жүйесі өткізу пункттеріне келген сәттен бастап межелі кеден органына келгенге дейін тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды біріктірілген автоматтандырылған жүйеде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар интеграцияланған автоматтандырылған жүйелерді қамтитын «ЖОБ ақпараттық жүйесі» деп аталады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі