
Мемлекеттік кірістер комитеті «Байланыс-орталығы үздік қызметкері» атағына 17 МКД және КГД арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың тамыз айына конкурс өткізді.
Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:
- Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
- Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
- Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап бере білу.
Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.
2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша МКД Байланыс-орталығы басқармасының бас маманы – Таскынов Магжан Адилбекович «Байланыс-орталығының үздік қызметкері» болып танылды.
Таскынов Магжан Адилбекович Мемлекеттік кірістер органдарында 5 жыл жұмыс істейді, мемлекеттік қызметтегі уәкілі 10 жыл. Жұмыс барысы уақытында ол өзін мақсатты және шешімді тез қабылдайтын маман ретінде көрсете білді. Жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, ұжымда коммуникативті, достық қарым-катынаста.