Date of publication: 08.09.2022 14:43
Date of changing: 08.09.2022 16:27

     АҢДАТПА!

     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирі: «Жеке тұлғалардың 2021 жылғы мүлік салығын төлеуі».

    2022 жылғы 09 қыркүйек сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz) «Жеке тұлғалардың 2021 жылғы мүлік салығын төлеуі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

    Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғалардың активтері мен берешектерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Отар Олжас Асанкелдіұлы сөз сөйлейді.

    Спикер жеке тұлғалардың 2021 жылғы мүлік салығын төлеуі, төлеу мерзімдері, сондай-ақ мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шаралары туралы айтып береді.

    Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz