
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз-релизі
Дәулет Ерғожин «Кедендік қызмет - 2016» халықаралық көрмесіне қатысты.
2016 жылғы 25-26 қазанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы кедендік қызметінің құрылғанына 25 жыл толуына орай «Кедендік қызмет - 2016» XVII халықаралық көрмесі өтуде.
Көрмеге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кедендік әкімшіліктерінің, шетелдік кеден қызметтерінің басшылары, Дүниежүзілік кеден ұйымының басшылығы, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кәсіпкерлер ұйымдары қатысуда.
Дәулет Ерғожин бастаған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кедендік қызметтерінің ресми көрмесі мәртебесіне ие жиынға қатысып отыр.
Көрмеде кедендік істі жүзеге асыру саласындағы соңғы жетістіктер, сыртқы сауда қызметі механизмдерін жетілдіру ісіндегі табыстар көрсетіледі.
Көрменің тақырыптық бөлімдерінің бірі - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған ақпараттық технологиялар және ақпараттық қамтамасыз ету.
Көрме қонақтары және қатысушыларына Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті тақтасында Дәулет Ерғожин «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматталған жүйесі» тұсаукесерін көрсетті.
Оған қоса, жиында «Кешендік модельді қолдану арқылы тауарларды шығарудан кейінгі кедендік бақылауды ұйымдастыру және өткізу туралы», «Кедендік және пошталық қызметтердің өзара қызметінің өзекті мәселелері. Халықаралық пошталық жіберілімдерді өңдеудің жаңа технологиялары және бұл нарықтың даму бағыттары» тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер өткізіледі, сондай-ақ зияткерлік құқықты қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)