
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын жеке тұлғалар қолданады. Бүгінде 1,5 млн. азамат осы қосымшаны пайдалануда.
Қосымша меншік салықтарын (мүлік, жер, көлік салықтары) ыңғайлы төлеу үшін әзірленген.
«E-Salyq Azamat» көмегімен:
- жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 580 мыңға жуық декларация немесе 44%-і табыс етілді;
- 200 млн. теңгеден астам салықтар мен төлемдер төленді.
Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:
- чектерді бермегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны үшін шағым беру («Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы);
- жеке шоттарды қарау;
- жолаушылардың кедендік декларациясын ұсыну және т.б.
«E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшасы жеке кәсіпкерлер үшін әзірленген. Бүгінде 439 мың жеке кәсіпкер осы қосымшаны пайдалануда.
Қосымшада мынадай функционал жүзеге асырылған:
- ЖК ретінде тіркелудің жеңілдетілген тәртібі;
- салық режимін таңдау немесе өзгерту;
- БКМ қолданбай чек беру және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу;
- әр түрлі анықтамалар алу.
Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:
- жеңілдетілген декларацияны (910-нысан) алдын ала толтыру сервисін құру;
- такси мен жеткізу қызметтері бойынша интернет-платформалармен интеграциялау.