Date of publication: 21.10.2022 18:40
Date of changing: 21.10.2022 18:41

С5+1 форматындағы Ядролық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияның мақсаты қатысушы елдер қауіпті материалдардың қолжетімділігінің өзекті проблемасын, контрабанданың жаһандық схемаларын және үнемі күшейіп келетін террористік қауіпті ескере отырып, Орталық Азия өңірінде ядролық контрабанданың өсіп келе жатқан тәуекелдері мен қауіптерінің перспективаларын талқылауы болды.

ҚР атынан ҚР ҚМ МКК, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР Энергетика министрлігі, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК өкілдері Конференция делегаттары болды.

Барлығы – алты елден 150-ден астам қатысушы, соның ішінде ҚР-дан 19 адам.

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті төрағасының орынбасары И.М. Мұхтаров пен АҚШ Энергетика министрі орынбасарының көмекшісі Кристин Бент кіріспе сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Орталық Азия елдерінің презентациялары ұсынылды, практикалық-ситуациялық модульдер қаралды және АҚШ Энергетика министрлігі, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) және Федералды тергеу бюросы (АҚШ ФТБ) өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша С5+1 форматындағы Ядролық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияға қатысушылардың Бірлескен декларациясы қабылданды, онда қатысушы елдердің негізгі тақырыптары мен әлеуетті бастамалары белгіленді.

Конференцияның барлық қатысушылары С5+1 елдері форматында ядролық контрабандаға қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдірді.