Date of publication: 01.11.2022 21:10
Date of changing: 01.11.2022 21:11

         «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

         Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты 2023-2024 жылдарға арналған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту болып табылады.

         Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

         Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2022 жылғы 28 қазанда орналастырылған.

         Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2022 жылғы 11 қарашаға дейін.