
Бүгін, 2022 жылдың 22 қарашасында, Астана қаласында Мемлекет басшысының жаңа салық саясатының бағдарламасын қолдау мақсатында Салық форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «Налоги Казахстана» қауымдастығы.
Шараға бизнес-қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Форумның «Салықтық әкімшілендіру» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысып, салықтық әкімшілендіруді жақсарту мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Одан кейін ҚР ҚМ МКК сарапшылары бизнес-қауымдастық өкілдеріне салық салу сұрақтары бойынша кеңес берді.