Date of publication: 24.11.2022 16:59
Date of changing: 24.11.2022 17:03

       Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы 2022 жылғы 25 қарашада Алматы қаласында «Бейрезиденттерге салық салудың өзекті мәселелері. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында конференция өтетінін хабарлайды.

       Іс-шараны Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
       Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы он алтыншы рет осындай салық конференцияларын өткізіп жатыр. Өткізілген он бес конференция мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандарының және салық төлеушілердің сындарлы диалогы нәтижесінде салық жүйесін жетілдіру үшін осындай іс-шаралардың өнімділігін растады. Жыл сайынғы ҚСҚ конференциялары, бірегей тақырып пен шақырылған сарапшылардың арқасында жылдан жылға бизнеске ең маңызды, жоғары нәтижелі және кеңінен жарияланатын оқиғалардың бірі болып танылады.
       25 қарашада конференция жұмысына Жоғарғы Сот мүшелері, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен салық төлеушілер қатысады. Оған 300-ден астам адам қатысады деп жоспарлануда.
       Модератор - Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесова, ҚСҚ Басқарушы кеңесінің төрайымы.  
       Конференция бизнес-ахуалды жақсарту бөлігінде күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттың маңызды көзі болып табылады. Бұдан басқа, бұл ең өткір мәселелерді бөлісуге, оларды шешу жолдарын жасауға мүмкіндік береді.
       2022 жылғы 25 қарашада өтетін конференцияның бағдарламасы:
       * Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ҚР Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлы;
       * Салық заңнамасын қолдану мәселелері, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы;
       * Бейрезиденттерге салық салу. Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны енгізу (MLI), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы;
       * Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру департаменті Өтпелі мониторинг басқармасының басшысы Мұстафин Ержан Маратұлы;
       * Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры  Саудабаев Елдос Ермағамбетұлы.
 
       Аталған конференция салық соттары бөлігінде мемлекеттік органдар мен салық төлеушілердің диалогы үшін екінші алаң болады (Жоғарғы Соттың қатысуымен бірінші конференция 2018 жылы өтті), оның қорытындысы бойынша ҚСҚ салық заңнамасын әртүрлі түсіндіру, ұсынымдар әзірлеу сияқты салық дауларын талқылау және салықтық даулар бөлігінде салық заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулерді талқылау мақсатында Жоғарғы сотпен және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлескен іс-шаралар өткізу практикасын жалғастыруды жоспарлап отыр.
  
       Күні: 2022 жылғы 25 қараша
       Уақыты: 09:00-17:00
       Өтетін орны: «Royal Tulip Almaty» қонақ үйі, Алматы қ., Оспанов к-сі, 401/2
 
       Тікелей эфир www.ank.kz сайтында және Мемлекеттік кірістер комитетінің  @press_kyzmet_kgd инстаграм-каналында жүргізіледі
 
       Қатысушыларды тіркеу https://ank.kz/event/69 сілтеме бойынша
       БАҚ аккредитациялау телефоны 8727 3341832, ank@ank.kz