Date of publication: 21.12.2022 16:33
Date of changing: 21.12.2022 16:34

ҚҚС әкімшілігіндегі маңызды жетістік жалған мәмілелер мен қолма-қол ақша схемаларына қатысатын қауіпті компанияларды жедел анықтау болды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.

ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жоба барысында:

- нәтижелері бойынша айналымы 7,5 трлн теңге болатын жалған мәмілелерге 9 мың қатысушының қызметі анықталды және шектелді. Осы тұлғаларға қатысты жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша 687 сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.

Тұтастай алғанда, Комитет 2020 жылдан бастап салық төлеуден жалтару схемаларын анықтау шеңберінде жалған айналым сомасы 1,2 трлн теңге болатын 4,7 мың заңды тұлғаны анықтады, олар бойынша кейін тіркелуі жарамсыз деп танылған «жалған» тұлғаларға ресімделді.

Бұдан басқа, сенімсіз компаниялардың контрагенттерін сатып алушыларды әкімшілендіру шеңберінде айналым сомасы 609 млрд теңгеге 5 482 мәміле жарамсыз деп танылды.