
Қолда бар жүйелерді (ЭШФ және ТБЖ) автоматтандыруды ескере отырып, камералдық бақылау, оның ішінде салық төлеушілерді градациялау және ҚҚС қайтару бойынша тәсілдер өзгеретін болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.
Біз сервиске бағытталған органбыз және салық міндеттемелерін орындаудың қарапайым рәсімдері мен түсінікті процестерін құруға тырысамыз.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде экспорттаушылардың барлық санаттары үшін тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) бойынша тексеру жүргізбей ҚҚС қайтару тәсілдері қайта қаралатын болады.
Салық есептілігін толтыру кезінде салық төлеушіге қолда бар деректер негізінде есептелген кірістер мен шығыстар сомасын таңдаудың балама нұсқасы ұсынылады, бұл есептерді тапсыру кезінде арифметикалық қателерді болдырмайды.
Қашықтан өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік беретін деңгейлес мониторинг сияқты цифрлық шешімдерге көшеміз.
Қашықтықтан өзара іс-қимыл салықтық тәуекелдерді (өсімпұлдар мен айыппұлдар) едәуір төмендетуге, сондай-ақ салықтық тексерулер қорытындылары бойынша ұзақ дауларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда алты субъект бойынша жалпы сомасы 62 млрд теңгеге салық мәселелері сотқа дейінгі реттелді, бұл айыппұлдарға шамамен 40 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, біз шағын және орта бизнес субъектілері үшін оңайлатылған мониторингті іске қосуды жүзеге асырамыз.
Мақсат бұлтты қоймадағы бухгалтерлік есеп деректеріне қашықтан қол жеткізу есебінен салық төлеушінің өзін тартпай-ақ салықтық әкімшілендіруді жүргізу болып табылады.