
Мемлекет басшысының кешенді тексеру жүргізу жәнекедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз ету туралы 2022 жылғы 11 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістеркомитеті (ҚР МҚ МКК) кедендік рәсімдерді жеделдетугебағытталған, оның ішінде кедергілерді және заңсызфакторларды (сыбайлас жемқорлық және қылмыстық) жою, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке адалқатысушылар (СЭҚ-қа қатысушылар) үшін құқықтыққолайлы жағдайлар қалыптастыру жолымен дәйектіжұмыстар жүргізуде.
Нәтижесінде 2022 жылғы 23 желтоқсанға еліміздіңмемлекеттік бюджетіне түскен кедендік төлемдер мен салықтар көлемі 3,3 трлн. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыұқсас кезеңмен салыстырғанда 54% артық (2,2 трлн. теңге). Оның ішінде өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда80% (766 млрд теңге) өсумен, 1,4 трлн. теңге импортқақосылған құн салығы (ҚҚС) түсті.
Бұл ретте, 2022 жылға арналған ҚҚС бойынша жоспармерзімінен бұрын ағымдағы жылғы 7 қарашада орындалды.
Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы 10 айда 87,6 млрд АҚШ долларын құрады (өткен жылы 61 млрд АҚШдоллары). Оның ішінде импорт 24,2 млрд АҚШ долларынадейін өсті (өткен жылы 18,3 млрд АҚШ доллары), алэкспорт 63,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды (өткенжылы 42,8 млрд АҚШ доллары).
2022 жылғы 11 айда Қазақстан Республикасының аумағыбойынша транзит көлемі өсті және 10,1 млн тоннанықұрады (2021 жылғы 11 айда 9,2 млн тонна).
СЭҚ-қа қатысушылардың саны екі есеге жуық өсті (2021 жылғы 28,8 мыңнан 2022 жылы 44,5 мыңға).
Көрсетілген нәтижелерге қолжеткізуді қамтамасыз етугемүмкіндік берген негізгі шаралар мыналар:
1) бақылауды орталықтандыру. Бас диспечерлік басқармақұрылды (БДБ), ол СЭҚ-қа қатысушылармен байланыссызқашықтықтан бақылауды жүзеге асырады. Нәтижесіндекеден бекетінің қызметкері шешім қабылдауданалшақтатылып, жүйенің өзі кедендік декларациянымамандар бойынша дербес бөледі және дәлізді («жасыл», «қызыл», «сары», «көк») айқындайды, яғни сыбайласжемқорлық көріністері үшін жағдайлар барыншаазайтылды;
2) кадр саясаты. Кадр саясатына меритократияқағидаттары енгізілуде. Кеден органдарында кәсібиліктібағалау күшейтілді, атқаратын лауазымдарына сәйкессіздікфактілері бойынша кеден бекеттерінің 10 басшысы жәнекеден бекеттері басшыларының бес орынбасары қызметіненбосатылды.
3) цифрландыру. СЭҚ-қа қатысушыларды санаттауавтоматтандырылды. Жасанды интеллект элементтерінпайдалана отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірубойынша шаралар қабылданды. Кеден маңы саласындағысубъектілерді санаттау басталды. 8 мыңнан аса тәуекелдіңқұндық индикаторы өзектендірілді.
4) кедергілерді жою. Қытаймен (ҚХР) шекара маңы өткізупункттерінің, оның ішінде бұрын жабық болған«Майқапшағай – Зимунай» және «Қалжат – Дулаты» өткізупункттерін ашу жолымен өткізу мүмкіндігі тәулігіне орташаесеппен 4 есеге дейін ұлғайтылды. СЭҚ-қақатысушылардың тәуекелдерін есептеу үшін ҚР ҚМ МКК сайтына тауарлар бойынша бағалық ақпараторналастырылады. «Е-терезе» сайтында көлік құралдарыбойынша тауарларды декларациялау бойынша деректердіқарау жөнінде онлайн-сервис іске асырылды.
2022 жылы ҚР ҚМ МКК Қазақстан Республикасыныңбарлық сауда әріптестері арасында тауар айналымыбойынша бірінші орынды (22,8%, 17,8 млрд АҚШ доллары) алатын Қытай Халық Республикасымен шекарадағыкедергілерді жоюға ерекше назар аударды. Экспорттықдекларациялармен онлайн алмасу жолға қойылды, оларбойынша мәліметтер тауар ҚХР мен Қазақстан аумағынакіргенге дейін келеді. 2022 жылға дейін Қазақстан авто көлік құралдарымен (ҚХР-дан импорт 17%) өткізілетінтауарлар бойынша ғана мәліметтерді алды. 2022 жылданбастап Қазақстан теміржолмен (ҚХР-дан импорт 80%) өткізілетін тауарлар бойынша дерекеттерді алуды бастады. ҚХР-дан тауарлардың құны бойынша және саны бойыншаимпортты анық декларациялау қамтамасыз етілді. Оныңнәтижесі ретінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда ҚРмемлекеттік бюджетіне 627,3 млрд теңге сомасындакедендік төлемдер мен салықтар түсті, бұл 2021 жылға(382,2 млрд теңге) қарағанда 64% артық.
Көрсеткіштердің осыған ұқсас өсуі тек ҚХР бағытында ғанаемес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа саудаәріптестері бойынша да байқалады. Мәселен, 2022 жылдыңбасынан бастап Түркия Республикасынан әкелінетінтауарлар үшін кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі126,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы (72,6 млрд теңге) барлық ұқсас көрсеткіштерден 75% артық. Бұл реттекөлеңкелі схеманы жоюдың есебінен, халық тұтынатынтауарлардан төлемдерді жинау тиімділігі 389% өсті (2021 жылы 4012 көлік құралынан 9,95 млрд теңге, 2022 жылы3038 көлік құралынан 36,87 млрд теңге)
Сонымен қатар бірқатар міндеттер бақылауда тұр, олардышешу үшін ҚР ҚМ МКК барлық бизнес-процестерді толықавтоматтандыруды қамтамасыз ету, оның ішінде жасандыинтелект пайдалана отырып, сондай-ақ барлық кедендікрәсімдерді оңайлату бойынша жұмыстарды жалғастыратынболады.
ҚР ҚМ МКК ұстанған ашықтыққа бағыты жекелегенкәсіпкерлердің қарсылығына тап болып жатады. Оларорнатылған қағидаларды айналып өту әрекетіндеәртүрлі қулықтарға барып қана қоймай, тәртіп орнатужөніндегі жұмыстың беделін түсіруге тырысады. 2021 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 2022 жылғы 23 желтоқсанда үш еседен көп бұзушылық анықталды, ҚР мемлекеттік бюджетіне 181,8 млрд теңге өндіріліп алынды, 2021 жылы - 50,7 млрд теңге.
Анықтамалық ақпарат
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінетүскен кедендік төлемдер мен салықтардың құрылымы
Позиция |
2022 жылғы 23 желтоқсанға |
2021 жылғы 23 желтоқсанға |
Экспорттық кеден баждары(мұнай және мұнай өнімдері) |
1,6 трлн теңге |
975 млрд теңге |
Импортқа ҚҚС |
1,4 трлн теңге |
766 млрд теңге |
Импорттық баж |
40 млрд теңге |
23 млрд теңге |
Кедендік алымдар |
32,9 млрд теңге |
25 млрд теңге |
Импортқа акциз |
26,9 млрд теңге |
14,7 млрд теңге |
Қорғау бажы |
1 млрд теңге |
399 млн теңге |
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінебұзушылықтардан өндіріп алынған түсімдердің құрылымы
Позиция |
2022 жылғы 23 желтоқсанға |
2021 жылғы 23 желтоқсанға |
Кедендік тексеру |
85,7 млрд теңге |
16 млрд теңге |
Кедендік құнды төмендету |
59,5 млрд теңге |
20,8 млрд теңге |
Жеңілдіктер мен қорғау шараларынқолданудың құқыққа сыйымдылығы |
17 млрд теңге |
5,5 млрд теңге |
Кедендік рәсімдер шартынбұзушылық |
9,3 млрд теңге |
2,5 млрд теңге |
Тауарларды дұрыс емес жіктеу |
6,1 млрд теңге |
2,6 млрд теңге |
Жете тексеру |
4,2 млрд теңге |
3,2 млн теңге |