Date of publication: 16.01.2023 20:38
Date of changing: 16.01.2023 20:39

Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Аудит департаментінің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп 2023 жылғы 12-13 қаңтарда «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында арнайы курс өткізді.

Арнайы курстың мақсаты - «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178 заңды түсіндіру. 

Аталған оқу курсына МКД оңалту және банкроттық бөлімінің басшылары қатысты.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімін қолдануды түсіндіру мақсатында оларды өткізу тәртібі мен шарттары туралы дәріскерлер ретінде: М.К. Сисембаева-ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Берешектермен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары: А.Б. Рахметова - ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Қарыздармен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

Оқытудың екінші күні курс тыңдаушылары семинарға қатысты, оның спикерлер ретінде  ҚР Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржанов, МКК Төрағасының орынбасары К.И. Миятов қатысты.

Оқыту қорытындысы бойынша МКК Төрағасының орынбасары К.И. Миятов курс қатысушыларымен кеңес өткізді, онда халық үшін жеке тұлғалардың банкроттығы жөніндегі жаңа заңнаманы одан әрі қолдану және түсіндіру үшін бірқатар тапсырмалар берілді.

Оқыту қорытындысы бойынша курс тыңдаушыларының құзыреттік деңгейін анықтау үшін қорытынды білім анықтау өткізілді.

Осылайша, курстың 33 қатысушысына біліктілікті сәтті арттырғандығы туралы сертификаттар берілді.