Date of publication: 20.01.2023 19:00
Date of changing: 20.01.2023 19:01

Бүгін, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен Данияр Жанәліновтың төрағалығымен 2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Республика бойынша Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды және тапсырмалар берілді.

Кеңес барысында Данияр ЖанәліновМемлекеттік кірістер органдарының көрсеткіштері бойынша негізгі жетістіктерін атап өтті.

2022 жылғы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,9% орындалды (жоспар бойынша 14 283,1 млрд. теңге, 560,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 14 843,3 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4% немесе 4 119,0 млрд. теңгеге өсті.

Алқа қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге бюджетке салықтық және кедендік түсімдер жоспарын орындау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.