
«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң) сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, сондай-ақ қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру қажеттілігін көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 631-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы Заң) 45-2-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында, онда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы, сондай-ақ бағалы қағаздар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер туралы ақпаратты көрсетіледі.
Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14389740) орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 3 ақпанына дейін.