Date of publication: 27.01.2023 19:00
Date of changing: 27.01.2023 19:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

 Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 72-бабының 7-тармағына уақытша әкімшінің оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру міндеті көзделген, енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында белгілейді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарыңда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 8 ақпанға дейін.