Date of publication: 27.01.2023 19:09
Date of changing: 27.01.2023 19:10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына және 48-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг, сондай-ақ оның нәтижелері рәсімді тоқтатуға немесе банкрот міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болатын, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттеріне тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 8 ақпанына дейін.