Date of publication: 21.11.2016 11:41
Date of changing: 21.11.2016 11:43

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Жібек жолының дамуын Ақтауда талқылайды

 

2016 жылғы 23 қарашасында Ақтау қаласында Жібек жолы елдерінің арасындағы саудаға жәрдемдесу және жеңілдетудің Кедендік әкімшіліктердің 7-ші Халықаралық Форумы өтеді.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы, Түрік Республикасының Кеден және сауда министрлігінің Вице-министрі, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Грузияныі кедендік қызмет басшыларының бірінші орынбасарлары және Түркі кеңесінің бас хатшысының орынбасары, сондай-ақ «Ақтау» және «Баку» теңіз порттарының басшылары қатысады.

Форумның жұмысын Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ашады деп күтілуде.

Жиында Жібек жолындағы сауданы жандандыру және бұл үрдістегі кедендік әкімшіліктердің рөлі талқыланады.

Ерекше назар кедендік әкімшілендіруді оңайлатуға, Жібек жолы елдерінің арасындағы сауда мен транзиттік әлеуеттің артуына аударылады.

Жиынның қортындысында Ақтау декларациясы қабылданады.

24 қазанда Форумға келген қатысушылар маңызды сауда-экономикалық нысандар - Ақтау теңіз порты мен Құрық теңіз портына барады.

 

 

Өткізу күні мен уақыты: 23.11.2016ж. сағ. 10:30-да

Өткізу орны: Ақтау қ-сы, «Caspian Riviera Grand Hotel» мейманханасы

Аккредитация:: 8(7172) 709922  және +77013583197 телефондары,  rsharipova@mgd.ru;rsharipova@mail.ru электрондық адресі бойынша.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)