Date of publication: 30.01.2023 17:58
Date of changing: 30.01.2023 17:59

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғимаратында "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңның нормаларын түсіндіру бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.

Спикер: Шайкенов С.С. - Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары;

А.С. Аманов - ҚР ҚМ МКК аудит департаменті берешекпен және Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары;

Е.А. Кадес - ҚР ҚМ МКК аудит департаменті берешекпен және Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;

Ж.М. Ислямова - ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлау бөлімінің басшысы.

 

2022 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойылды.

Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді.

Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыздарын бере алады.

Заңмен 3 түрлі рәсім қарастырылған:

  • соттан тыс банкроттығы;
  • сот банкроттығы;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана ынталандыра алады, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша және келесі шарттар негізінде қолданылуы мүмкін:

  1. Банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеген жағдайда;
  2. Мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болған жағдайда;
  3. Банкпен берешектерді реттестіру бойынша жұмыс жүргізілген жағдайда.

Бұл қатарда, Заңмен 6 ай ішінде әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін 12–ай ішінде міндеттемелерді өтемеу шарты ескерілмейді.

Сонымен қатар, 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін жоғарыда көрстілген барлық шарттар ескерілмейді.

Сот банкроттығы 5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша азаматтардың мүлкі есебінен қолданылады.

Азаматтардың өтініштері тұрғылықты мекен-жайы бойынша сот органымен барлық берешек түрлері бойынша қарастырылады.  

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  • 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.