
Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаменті Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы 1-3 ақпанда Шымкент қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында арнайы курс өткізді.
Арнайы курстың мақсаты – «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 30.12.2022 ж. № 178 ҚРЗ түсіндіру.
Аталған оқу курсына оңалту және банкроттық мәселелерімен тікелей айналысатын жоғарыда аталған аумақтық МКД-ның 67 қызметкері қатысты.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай – ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімін қолдануды, оларды өткізу тәртібі мен шарттарын түсіндіру мақсатында спикерлер ретінде: А. С. Аманов, М. К. Сисембаева – МКК ДА берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасарлары, Л. Т. Қасымқұлова-ОӘО басшысының орынбасары, Е.С. Кадес, А.Б. Рахметова - МКК ДА берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарманың бас сарапшылары, Ж.М. Ислямова - ОӘО біліктілікті арттыру және кәсіптік даярлау бөлімінің басшысы (курсты ұйымдастырушы) сөз сөйледі.
Бағдарламаға сәйкес, курстың бірінші күні Түркістан облысы бойынша МКД базасында МКД қызметкерлерінің білім деңгейін анықтаумен оқыту жүргізілді (тестілеу нәтижелері қоса беріледі).
Осы кезеңде екінші топ Абай кентінің Келес ауданында 390 адам қамтылған тұрғындармен кездесу өткізді.
Курстың екінші күні Түркістан қаласында халықпен кездесу ұйымдастырылып, халықты қамту 300 адамды құрады.
Курстың үшінші күні 1-топ 350 адамды қамти отырып, Шымкент қаласының тұрғындары үшін халықпен кездесу өткізді, екінші топ 350 адамды қамти отырып, Қызылорда қаласының тұрғындары үшін халықпен кездесу өткізді.
Осылайша, көшпелі кездесулердің қорытындысы бойынша ЖТБ бойынша жұмыс тобы ауқымды жұмыс жүргізді: Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының 67 қызметкері кәсіби біліктілігін арттырды, үш жұмыс күні ішінде 1390 адамды қамти отырып, Абай, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спикерлер ЖТБ заңнамасын толық түсіндіріп, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.