Date of publication: 08.02.2023 13:47
Date of changing: 08.02.2023 13:48

Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы 2023 жылғы 3 наурызда Қонаев қаласында «Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысын түсіндіру, сондай-ақ жаңа Салық кодексінің жобасында есепке алу үшін салықтық әкімшілендірудің Камералдық бақылау, Тәуекелдерді басқару жүйесі, «Пирамида» - неғұрлым өзекті мәселелерін талқылау тақырыбында конференция өтетінін хабарлайды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының салық төлеушілер қауымдастығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырады.

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы он жетінші рет осындай салық конференцияларын өткізуде. Өткізілген он алтыншы конференция мемлекеттік органдар басшыларының, мамандарының және салық төлеушілердің сындарлы диалогы нәтижесінде салық жүйесін жетілдіру үшін осындай іс-шаралардың өнімділігін растады. ҚСТҚ-ның жыл сайынғы конференциялары бірегей тақырыптар мен шақырылған сарапшылардың арқасында бизнестің жылдан жылға ең маңызды, жоғары нәтижелі және кеңінен жарияланатын оқиғалардың бірі ретінде танылады.

3 наурыздағы конференция жұмысына Жоғарғы Сот мүшелері, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері, облыстық соттардың судьялары, басқа да мемлекеттік органдар мен салық төлеушілер қатысады.

Модератор – Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы, ҚСТҚ Басқарушы кеңесінің төрайымы. 

Конференция бизнес-климатты жақсарту үшін күш-жігерді шоғырландыруға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттың маңызды көзі болады. Сонымен қатар, бұл ең өткір мәселелермен бөлісуге, оларды шешу жолдарын жасауға мүмкіндік береді.

2023 жылғы 3 наурыздағы конференция спикерлері:

Біржанов Ержан Ерікұлы, Қаржы вице-министрі

 Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

 Тоқмурзина Дана Айтмағанбетқызы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

 Жанәлінов Данияр Ерғалиұлы, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

 Нұржанов Жәнібек Мәулітбекұлы, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

 Әбдірахманов Ораз Аманұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының басшысы

 

Күні: 2023 жылғы 3 наурыз

Уақыты: 09:00-18: 00

Өткізілетін орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы.