Date of publication: 15.02.2023 12:37
Date of changing: 15.02.2023 12:38

2023 жылғы 14 ақпанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) парасаттылық жөніндегі диагностикалық миссиясы басталды.

Ашылу салтанатында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов пен ДКҰ аккредиттелген эксперт Альваро Фернандес құттықтау сөз сөйледі.

Бақытжан Слямов диагностикалық миссияны өткізу мүмкіндігі үшін ДКҰ-ға алғысын білдірді, осы миссияны екі рет жүргізіп отырған сарапшы Альваро мырзаның консультациялық көмегін көрсеткені үшін зор үлесін атап өтті.

 МКК ДКҰ-ның қосымша тәртіп бойынша барлық құралдары мен ұсынымдарын қолдайды және әзірленген есеп МКК кеден блогында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда басым болады.

ДКҰ диагностикалық миссиясы 2023 жылғы 14-17 ақпан аралығында Астана қаласында өтеді.

Миссия МКК құрылымдық басқармаларымен, сондай-ақ бизнес қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесулерді қамтиды.