Date of publication: 17.02.2023 16:30
Date of changing: 17.02.2023 16:32

«Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 458-бабына және 459-бабына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Бұйрықтың жобасы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында редакциялық өзгерістерді көздейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.