
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған бұйрықтың жобасында бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтыру енгізіледі.
Бұйрық https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14409291 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 15.02.2023 жылы орналастырылған.