
2023 жылғы 20 ақпанда сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz) «Мемлекеттік кірістер органдарының берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану аспектілері» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Аманов Айбол Серікұлы сөз сөйлейді.
Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz