
2023 жылғы 15 – 17 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Аудит департаментімен бірлесіп мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Салықтық тексерулердің сапасы» тақырыбында қашықтықтан арнайы курс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне салықтық тексерулердің сапасын қолдану принциптерін, негіздерін, тәртібін түсіндіру.
Дәріскер ретінде:
Нарманова Б.Г., Комитеттің Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасы басшысының орынбасары;
Сарбаев Е.Ж., Комитеттің Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасының бас сарапшысы.