
Ағымдағы жылдың 15-17 ақпанында Алматы қаласында көлік құралдары мен жүктерді тексеру бойынша жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті. Іс-шара көлік құралдарын тексеру оқу процесін ұйымдастыруға және әдіснаманы әзірлеуге жауапты Қазақстанның кеден және шекара ведомстволарының өкілдеріне бағытталған.
Тренингтің мақсаты: кеден қызметі лауазымды тұлғаларының құзыреттерін арттыру, кеден қызметкерлерінің әкімшілік әлеуеті дағдыларды жетілдіру және нығайту.
Оқыту барысында Латвияның мемлекеттік кірістер қызметі кеден басқармасының сарапшылар тобы контрабанданы тиімді тексеру және анықтау әдіснамасына ерекше назар аударды.
Сондай-ақ қатысушылар заманауи техникалық құрал-жабдықтарымен және анықтау технологияларымен танысты.
Тренинг барысында қатысушы топ кейіннен қызмет орны бойынша білім беру үшін практикалық дағдыларға ие болды.