
Оқу-әдістемелік орталық Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаментінің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы 21-24 ақпанда Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл облыстарының Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында арнайы курс өткізді.
Арнайы курстың мақсаты – 30.12.2022 ж. №178 «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚРЗ түсіндіру.
Аталған оқу курсына оңалту және банкроттық мәселелерімен тікелей айналысатын аумақтық МКО-ның 63 қызметкері қатысты.
Бұдан басқа, «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ 21 маманының білім деңгейін анықтау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, өйткені жеке тұлғалардың банкроттығын тану туралы өтініштер автоматтандырылған жүйеде және ХҚКО-да жүзеге асырылатын болады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттығы рәсімін қолдануды түсіндіру мақсатында оларды өткізу тәртібі мен шарттары спикерлер ретінде сөз сөйледі: А.С. Аманов, М.К. Сисембаева – МКК ДА Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасарлары, Л.Т. Қасымқұлова – ОӘО басшысының орынбасары, Е.С. Кадес, А. Б. Рахметова - МКК Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас сарапшылары.
Бағдарламаға сәйкес МҚҚБ қызметкерлерінің білім деңгейін анықтаумен оқыту ұйымдастырылды, екі жұмыс тобы Қарағанды қаласында 320 адамды қамтумен, Жезқазған қаласында 90 адамды қамтумен, Тараз қаласында 430 адамды қамтумен халықпен кездесу өткізді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша облыстық соттың шақыруы бойынша Қарағанды облысының облыстық және 17 аудандық соттарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ЖТБ ерекше қызығушылық қаржы әкімшілерінде, жеке сот орындаушыларында, прокуратура мен адвокаттар алқасының қызметкерлерінде көрінеді.
Осылайша, көшпелі кездесулердің қорытындысы бойынша ЖТБ бойынша жұмыс тобы ауқымды жұмыс жүргізді: Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл облыстарының МКО 63 қызметкері кәсіби біліктілігін арттырды, үш жұмыс күні ішінде 840 адамды қамти отырып, Қарағанды, Жезқазған, Тараз қалаларында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ 21 маманы оқытылды.
Спикерлер ЖТБ заңнамасын толық түсіндірді, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, жергілікті БАҚ-қа сұхбат берді.
Фото және видео іс-шаралардың түсірілімі әлеуметтік желілерде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша ОӘО, МКД ресми беттерінде жарияланды.