Date of publication: 30.11.2016 18:26
Date of changing: 02.12.2016 17:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

         2016 жылдың 29 қарашасында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғарылату аясында, Комитет ішінде мемлекеттік кіріс органында (бұдан әрі – МКО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары негізінде семинар жиыны өткізілді.

         Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) өкілдерінің қатысымен жүргізілді.

         Олар өз баяндамаларында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына және 2015 жыл мен 2016 жылдың 10 айындағы жасалған жемқорлыққа қарсы қызмет істерінің жетістіктеріне тоқталып өтті.

         Агенттіктің өкілі өзінің баяндамасын аяқтай келе МКО-ның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Этикалық кодексін және басқада қолданыстағы заңнамаларының орындалуын сақтап жүруге шақырды.

         Сонымен қатар, республикадағы жоғарғы орындарда отырған мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуы туралы және «НұрОтан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің салық және кеден саласындағы мемлекеттік қызметтерінің іс-құжаттарымен және бейне көрсетілімдерімен таныстырып өтті.

         Бұнымен қоса, Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы МКО-дағы кезекті сыбайлас жемқорлықтар туралы жайттарды айтып өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарындағы қиыншылықтарды және оларды болдырмаудағы іс-шаралардың тиімділігін арттыру туралы айтып өтті. Жемқорлардың әлеуеттік бейнесі ұсынылды.

         Сонымен қатар, МКО-ы жоғарғы басшылықта жумыс жасайтын лауазымды тұлғалардың пара алу кезінде ұсталғандығы туралы мән-жайларымен қызметкерлер таныстырылды.

         Жемқорлыққа жоғары бейімделген аймақтармен белгіленген жұмыстарға, сонымен бірге Комитеттің орталық аппараттағы қызметкерлерінің рөлдеріне Кірістер органының жүйесінде құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік ету тұрғысында аса жоғары назар аударылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)