Date of publication: 02.12.2016 16:56
Date of changing: 02.12.2016 16:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Арменияда Кедендік одаққа мүше елдердің кедендік қызметтерінің бірлескен алқасының отырысы өтті

 

2016 жылғы 30 қарашада  Цахкадзор қаласында (Армения Республикасы) Кедендік одаққа мүше елдердің кедендік қызметтерінің бірлескен алқасының 21-ші отырысы өтті.

Отырыста кедендік қызметтерінің бірлескен алқасының 2016 жылғы жұмысының қортындысы шығарылды, келесі жылға оныңи және оның жанындағы жұмыс топтарының жұмыс жоспарлары бекітілді. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік қызметтерінде электрондық құжат айналымы қағидаларында кедендік транзиттың кедендік операциаларына қатысты эксперименттің сұрақтары, Кедендік одаққа мүше елдердің кедендік қызметтерінің сараптамалық және бақылау функцияларын жүзеге асыру мақсатында Ақпаратты алмасуды ұйымдастыру келісімін іске асыру үшін ақпаратты алмасудың техникалық шарттарымен байлансыты сұрақтар қарастырылды. Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу кезінде төлемеу тәуекелдерін немесе демпингке қарсы төлемдерді толық төлемеу тәуекелдерін азайту шараларының тізімі бекітілді.

Отырыс қортындысында тиісті шешімдерге қол қойылды.

Отырысқа қатысушы делегациаларының басшылары Армения Республикасының Президенті және Премьер-министрімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен аталған шараларға Халықараралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов қатысты.  

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)